Бас редактор: Қарлығаш ҚАБАЙ
«ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ» порталы – Қазақстандағы тәуелсіз әдеби кеңістікте қалыптасқан әдебиет пен өнердің онлайн-платформасы. Оның міндеті – әдеби сын, поэзия, проза, философия, аударма, мәдени-саяси ойлар мен эстетикалық зерттеулерді, қызықты ақпараттарды жариялау арқылы әдебиет пен өнердің «жерасты» (маргинал, альтернативті, эксперименталды) бағыттарын дамыту.
Негізгі бағыттары:
– Жаңашылдық пен бірегейлік: классикадан тыс қазақ әдебиеті;
– Әлем әдебиеті және аударма;
– Альтернативті әдеби ағымдар;
– Әдеби сын, эссе, сұхбат;
– Өнер, мәдениет, философия, әлеуметтік рефлексия;
– Өнер тарихы.
Ерекшелігі:
– Еркін ой, цензурасыз көзқарас;
– Жас авторларды қолдау;
– Қоғамдық және экзистенциалды тақырыптарды көтеру;
– Әдеби экспериментке ашықтық.
Мақсаты:
Қазақ қоғамы мен әдеби кеңістікте классикалық, ресми дискурстан тыс ойлау мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық еркіндікті кеңейту және альтернативті әдеби бағыттарды дамыту.

