Сенбі, 11 Сәуір , 2026
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Кіру
ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Әдебиет
    • Поэзия
    • Проза
    • Сын
    • Кітаптар
    • Сен және ол жайлы
  • Мультимедиа
  • Көркемөнер
  • Өнертапқыш
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Әдебиет
    • Поэзия
    • Проза
    • Сын
    • Кітаптар
    • Сен және ол жайлы
  • Мультимедиа
  • Көркемөнер
  • Өнертапқыш
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ
Бастапқы Проза

Амброз БИРС: «Үкісай көпіріндегі оқиға»

(Әңгіме)

«Жерасты әдебиеті» редакциясы жазған «Жерасты әдебиеті» редакциясы
05.02.2026
- Проза
0
Амброз БИРС: «Үкісай көпіріндегі оқиға»
278
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-ге бөлісу

Алабама штатындағы теміржол көпірінің үстінде бір адам тұр. Көпірдің астынан Үкісай өзенінің бір саласы сарқырап ағып жатыр. Ер адамның қолы артқа қайырыла таңылған. Оған қоса мойнына арқан салынып, бір ұшы көпірге байланған екен. Солтүстік армияның үш жауынгері тұтқынның қасында тұр, олар өз командирінен «Асыңдар!» деген бұйрықты күтеді.

Бәрі әзір. Тұтқын үнсіз тұр. Төменнен ағып жатқан суға ұзақ қарап тұрды. Сосын көзін жұмды. Соңғы ойларын әйелі мен балаларына арнағысы келген. Құлағына әлдеқандай бір үн естіле бастады. Әуелде бәсең шыққан үн бірте-бірте күшейіп, құлағын ауыртатындай деңгейге жеткен. Жаны қиналды, тезірек бәрі бітсе екен деп ойлаған. Содан соң әлгі үннің көпірдің астымен сарқырай ағып жатқан өзеннің үні ғана екенін ұқты.

Тұтқын кенет көзін ашып, суға қарады. «Егер қолымдағы арқанды шеше алсам, онда мойнымдағы арқаннан да құтылып, суға секіре аламын. Судың түбімен жүзіп отырып қашсам, атылған оқтардан да құтылуға болады. Сонсоң өзеннің арғы бетіне өтіп, орман ішін бойлай жүгіріп, үйіме жетсем… Үйім әскери аймақтан тыс жерде ғой. Әйелім мен балаларым аман. Мен де аман қала аламын», – деп ойлайды ол.

Тұтқын осының бәрін ойлап тұрған сәтте, командирден «асыңдар» деген бұйрық та ақыры келіп жетті. Әскерлердің бірі бұйрықты дереу орындау үшін мойнындағы арқанды түзетіп, оны көпірдің шетіне қарай итеріп жіберді.

Тұтқын төмен қарай құлап барып, айналасы әп-сәтте қараңғылық пен бос кеңістікке айналды. Сонсоң мойнындағы жан түршігерлік ауырсынуды сезіп, дем ала алмай қалады. Бұл сұмдық азап мойнынан басталып, қолы мен аяғына дейін әп-сәтте жетіп алды. Тұтқын ештеңе ойлай алмады, тек бойын жайлаған алапат қасіретті ғана сезінді.

Сол сәтте кенеттен келген бір дыбыс құлағына шалынды… Бір нәрсе суға құлағандай болды. Айналаны мұздай қараңғылықтың түнегі басқан. Бірақ тұтқын енді ойлана алады. Арқан үзіліп барып, өзінің өзенге құлағанына сенгісі келді. Бірақ арқан әлі мойнында, қолдары да әлі арт жағынан байлаулы. «Қандай күлкілі… Өзеннің ортасында асылып өлу қандай күлкілі!» – деп ойлады ол. Денесінің су бетіне қарай көтеріліп келе жатқанын сезеді.

Тұтқын не істеп жатқанын өзі де білмейді. Бірақ қолдарын мойнына апарып, арқанды шешуге тырысады. Өмірінде бұрын-соңды сезбеген жан төзгісіз ауырсыну сезімін басынан өткерді. Арқанды мойнынан сыпырып тастауға ұмтылады. Әрекеттенеді… бірақ қолынан келмейді. Қолымен суды серпіп барып, ақыры су бетіне шықты. Енді басы судың бетінде. Күн сәулесі көз шағылыстырып тас төбесінде тұр. Аузын ашып, терең тыныс алып, тым терең тыныстап қойғандықтан өкпесінен артылып қалған ауаны айқайлап кері шығарады.

Енді тұтқын анық ойлай алады. Санасы енді ғана толыққанды ашылғандай бір күйге енді. Барлық сезім мүшелері қайта оянғандай, тіпті түйсігі бұрынғыдан да өткір. Бұрын-соңды естімеген дыбыстарды, ұшып бара жатқан жәндіктің қанат қағысын, суда қозғалған балықтың лүпілін жан-тәнімен сезіне бастады. Көздері өзеннің арғы жағындағы ағаштарды анық көріп тұр. Тіпті әр жапырағын, әр жапырақтың үстіндегі білеуленген тамырына дейін айқын аңғарды. Көпірді де көрді…ұшы қабырғаға тірелген көпірді, үстіндегі сарбаздар мен командирді көрді. Олар айқайлап, бұны нұсқап тұр. Өздері дәу құбыжықтарға ұқсап кеткендей. Әлгілерге қарап тұрғанда мылтықтан атылған оқтың дауысын да естиді. Бір оқ басының дәл жанынан зу етіп өте шықты. Артынша екіншісі. Бір сарбаздың өзін көздеп тұрғанын көрді.

Орманға жетіп, қашып құтылу керегін біледі. Командирдің өзгелерге «оқ ат!» деп айқайлағанын естіді… Тұтқын өзенге тағы бір мәрте сүңгиді… Тереңге… Қолынан келгенінше, барынша тереңге сүңгі керек екенін де біледі. Судың гүрілі құлағын жарып жіберуге таяп тұр. Атылған оқтардың да үні үзілмейді. Су бетіне шықса болды, суды төпелеп жатқан оқтарды көреді. Кейбірі бетіне, қолына тимек болады. Біреуі дәл жейдесіне келіп тиді. Арқасынан оқтың ыстығын сезеді.

Тыныс алу үшін су бетіне шыққанда, сарбаздардан әжептәуір алыстап кеткенін байқайды да, бар күшімен жүзе бастайды. Ол жүзіп бара жатқанда, сарбаздар мылтықтарын атқылауын тоқтатпайды. Кейін бұған қарай зеңбірекпен де оқ жаудырады. Бірақ бірде-бірі тигізе алмайды. Сосын ол кенет жүзе алмай қалды. Өзін шыр көбелек айналдырған бір иірімге тап болды. «Міне, бұлар менің соңыма жетті», – деп ойлады. Бірақ сол сәтте әлгі толқын оны жұлып алып, жағаға лақтырады. Осылайша өзінің құрлыққа шыққанын сезді.

Иіліп барып жер-ананы сүйді. Айналасына назар салмаса да, аспан қызғылт сәулеге бөленгенін сезгендей болды. Жел ағаштардың арасынан есіп өтіп, бар әлемді әуенге бөлеп жатқандай. Осы жерде қалғысы келеді. Бірақ құлағына зеңбірек үні тағы келіп жетті. Оқтар да әлі төбесінен зулап өтіп жатыр екен. Сонсоң ол орнынан тұрып, орманға қарай жүгіре жөнелді.

Ақыры өз үйіне баратын жолды тапты. Кең әрі түзу соқпақ. Бұл соқпаққа әлі адам аяғы тимегендей болып көрінді. Айналада ферма да, үй де жоқ екен, тек ұзын қарағаштар ғана бар. Сол ағаштардың арасынан тұтқынға біртүрлі дыбыстар естіле бастады. Кей дыбыс мағынасы түсініксіз сөздерге ұқсағандай. Мойны қайтадан ауыра бастады. Қолын тигізіп қараса, тым ісіп кеткен секілді. Көзі де қатты ашиды, ашығаны сонша тіпті жұма алмайды. Аяқтары қозғалып келе жатса да, жер басып келе жатқанын сезбеді. Жүріп келе жатып, біртүрлі ұйқылы-ояу күйге енгендей болды.

Жартылай ояу, жартылай түс ішінде жүріп, ақыры үйінің есігіне де келіп жетеді. Міне, сүйікті жарының да өзіне қарай жүгіріп келе жатқанын шырамытты. Аһ, жетті-ау әйтеуір!

Қос қолын созып, сүйікті жарын құшағына қысты. Бірақ қайтадан желке тұсының шым ете қалғанын сезді. Айнала түгел жарқырап, аппақ нұрға бөленді. Бірақ зеңбіректің үні әлі байыз таппады. Сосын… әп-сәтте қараңғылық пен тыныштық орнай кетті… Тұтқын мойны үзілген күйде қаза болды. Денесі арқанға ілінген қалпы салбырап тұр… Біресе оң жаққа, біресе сол жаққа қарай тербелген күйі тұтқынның денесі Үкісай көпірінде баяу ғана би билейді…

Аударған: Қарлығаш ҚАБАЙ

Сөзбелгілер: әлем әдебиетіәңгімепрозатағдырфилософия
Алдыңғы жазба

Бертольт Брехт: «Зұлымдық пен Ізгіліктің үндеуі…»

Келесі жазба

«Жазуды кім және қашан ойлап тапты?»

Ұқсас мақалалар

Эмиль Мишель ЧОРАН: «Құрмет һәм қарғыс»
Проза

Эмиль Мишель ЧОРАН: «Құрмет һәм қарғыс»

28.03.2026
81
Фёдор Михайлович Достоевский: «Адал ұры»
Проза

Фёдор Михайлович Достоевский: «Адал ұры»

13.03.2026
121
Кейт ШОПЕН: «Бір сағаттың хикаясы»
Проза

Кейт ШОПЕН: «Бір сағаттың хикаясы»

08.03.2026
461
Франц Кафка: «Академияға арналған баяндама»
Проза

Франц Кафка: «Академияға арналған баяндама»

07.03.2026
578
Келесі жазба
«Жазуды кім және қашан ойлап тапты?»

«Жазуды кім және қашан ойлап тапты?»

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралған

  • Эдгар Аллан По: «THE PHILOSOPHY OF COMPOSITION» – Жазу өнерінің философиясы

    Эдгар Аллан По: «THE PHILOSOPHY OF COMPOSITION» – Жазу өнерінің философиясы

    23350 бөлісті
    Бөлісу 9340 Твитерге 5838
  • Томас Стернз Элиот: «Поль Валери немесе көлге қарап тұрған Нарцис пен мистикаға толы бойдақтың жалғыздығы»

    12712 бөлісті
    Бөлісу 5085 Твитерге 3178
  • Эдгар Аллан ПО: «…Америка поэзиясы немесе ұятты монополияға қарсылық»

    5476 бөлісті
    Бөлісу 2190 Твитерге 1369
  • Фри́дрих Ви́льгельм Ни́цше: «ЗӘРДҮШТ ОСЫЛАЙ ДЕГЕН»

    4451 бөлісті
    Бөлісу 1780 Твитерге 1113
  • Жемаль Сүрея: «Фольклор» – поэзияның жауы»

    3388 бөлісті
    Бөлісу 1355 Твитерге 847

Сөзбелгі

Your browser doesn't support the HTML5 CANVAS tag.

  • әуендер мен естеліктер
  • адаптация
  • сағыныш
  • сын
  • кітаптар
  • Beşli Tüfek
  • жаңа өлең
  • поэзия
  • Франц Кафка
  • жаңашылдық
  • сен және ол жайлы
  • қоғам
  • үрей
  • әңгіме
  • әдебиет
  • өлең
  • жаңалықтар
  • проза
  • ойлар
  • жазу
  • еркіндік
  • стиль
  • аударма
  • таным
  • абсурд
  • өнертапқыш
  • философия
  • түйсік
  • БЕСАТАР
  • түрік поэзиясы

Кітаптар

ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ

«ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ» порталы – Қазақстандағы тәуелсіз әдеби кеңістікте қалыптасқан әдебиет пен өнердің онлайн-платформасы.

Байланыс

  • Бас редактор: Қарлығаш ҚАБАЙ
  • Email: karlygaaaa.sh@gmail.com
  • Мекенжайы: Астана / Қазақстан
  • Телефон: +7 747 702 9797

Соңғы жазбалар

  • Эмиль Мишель ЧОРАН: «Құрмет һәм қарғыс»
  • Файзулла Төлтай поэзиясы яки шытынаған айнадағы «мен»
  • Фёдор Михайлович Достоевский: «Адал ұры»

Айдарлар

  • Жаңалықтар
  • Кітаптар
  • Көркемөнер
  • Мультимедиа
  • Өнертапқыш
  • Поэзия
  • Проза
  • Сен және ол жайлы
  • Сын
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2026 ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ - шекарасыз сөз порталы.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Поэзия
  • Проза
  • Сын
  • Кітаптар
  • Сен және ол жайлы
  • Мультимедиа
  • Өнертапқыш
  • Көркемөнер

© 2026 ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ - шекарасыз сөз порталы.