Сәрсенбі, 25 Ақпан , 2026
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Кіру
ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Әдебиет
    • Поэзия
    • Проза
    • Сын
    • Кітаптар
    • Сен және ол жайлы
  • Мультимедиа
  • Көркемөнер
  • Өнертапқыш
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Әдебиет
    • Поэзия
    • Проза
    • Сын
    • Кітаптар
    • Сен және ол жайлы
  • Мультимедиа
  • Көркемөнер
  • Өнертапқыш
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ
Бастапқы Жаңалықтар

«Солақайлар» һәм «жаңа қазақ поэзиясы»

«Жерасты әдебиеті» редакциясы жазған «Жерасты әдебиеті» редакциясы
21.02.2026
- Жаңалықтар
0
«Солақайлар» һәм «жаңа қазақ поэзиясы»
77
БӨЛІСТІ
154
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-ге бөлісу

Сүйікті Асқар Сүлейменовтің: «Жаңа форма, жаңа стилистика іздеу, таза эстетиканың иіріміне сүңгу, рухани пластиканы меңгеру – бұлар өзі бағынбаудың энергиясы», – дейтіні бар.

Қазақ әдебиетінде формалық өзгеріске бару, қалыптасқан қара өлең ұйқасынан ауытқу, стилдік ізденістерге бару – жазбаша әдебиет қалыптасқан сәттен бері болған үрдіс.

Ресми дереккөздердің біршама бөлігінде: «қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлы», – деп жазылып, айтылып жүр. Бұл – Абайға дейінгі жазба мәтіндердің сақталмауымен немесе қасақана жойылуымен тікелей байланысты деп бағамдаймыз. Бұл дерекке сүйенсек, демек қазақ әдебиетінде қатып қалған стилден қашу, жаңаша формалық ізденіске бару Абайдан бастау алған деген қорытындыға баруға болады. Біз үшін дәл қазір маңыздысы – кімнен бастау алғаны емес, «бастау алғаны, басталғаны» болып тұр.

«Абай қазақ поэзиясына жаңа буын өлшемдерін (6, 7, 8 буынды) енгізіп, ұйқастың бұрын-соңды болмаған жаңа түрлерін (шалыс, айқас) қалыптастырды. Ол өлең құрылымын түрлендіріп, сегіз-он тармақты шумақтарды жазды, сондай-ақ өлең тілін қарапайым халықтық лексикамен байытып, мазмұн мен форманың үйлесімділігін арттырды», – деп оқып өстік мектеп оқулықтары кезеңінен бері.

«Өзінен бұрын жасалған өнер туындыларына жаңалық қоса алмаған өнерпаздың әрекеті шынымен де – қажетсіз және бос әурешілік», – дейтіні бар ақын Рүштү Онурдың. Яғни өзіне дейінгі өнер туындысына белгілі бір деңгейде жаңалық үстеу – кез келген қаламгердің бірегейлік пен ішкі «менінен» туындайтын табиғи қалауы.

Қазақ әдебиетінде де жаңалық аз болған жоқ. Абайдан кейінгі поэзияда стильдік тұрғыдан жасалған ең үлкен жаңалық – Мағжан Жұмабаевтің «Балапан қанат қақты» және «Домбыра» атты екі өлеңі болды. Ақын бұл екі өлеңін өзі – қара сөзбен жазылған өлең деп көрсетеді.

Одан кейінгі кезекте Сәкен Сейфуллиннің де эксперименттік туындыларын атап өтуге болады. Мазмұндық тұрғыдан қарасақ, сол кезеңдегі, одан кейінгі әдебиетте де тың ой, тосын сүрлеу, жеке адамдық трагедия аз болған жоқ. Ал «мазмұнның толыққанды формаға сыймай кетуі – Мағжаннан бастау алды», – деп кесіп айта аламыз.

Одан кейін де бұл сүрлеуді басып өткендер аз болған жоқ. Дегенмен қоғамдық қысым мен дәстүршіл классикалық үлгідегі туындылардың басым болуы «өзгешелікке» ұмтылған авторлардың құлшынысын белгілі бір деңгейде басып тастап отырғаны да өтірік емес. Ал мазмұндық жаңашылдық ұлт-азаттық романтизм, сыншыл реализм, социалистік реализм, модернизм және символизм, жартылай постмодернистік үрдістер т.б. болып жалғасын тауып отырды. Енді оны талдауды дәл қазір мақсат тұтатын болсақ, бір мақала емес, бір кітап жазуға бекінген болар едік…

ХХІ ғасырдың басына келіп жеткен кезде поэзияда ұйқас, тақырып, форма, тіпті ақын «қалай жазуы керек екеніне» дейін бейресми ережелер бекіп қалған еді. Ескі тақырыптардың қайта-қайта жазылғаны сонша поэзия мазмұндық тұрғыдан ескіре бастағанын өзі-ақ білдіріп қойды. Бұл жағдайды көсеген негізгі үш фактор болған десек, мыналарды көрсетер едік: бірі –оқырманның миында«ақынның»  «ішкіш, қызқұмар, үйсіз-күйсіз қаңғыбас» образында қалыптасып қалуы, екіншісі – техниканың күрт жылдамдықпен дамығанының арқасында әлем әдебиетіне орыстың терезесінен үңілуден құтылуымыз, үшіншісі – жас әдебиетшілердің өз бетінше шет тілінін меңгеріп, шетелде білім алуға талпынуы. Осы процестердің негізінде солақайлар, постмодернизм, минимализм, метаморфизм, постклассицизм сынды түрлі атаулар «атаулық» деңгейде ғана емес, практикалық дейгейде де пайда бола бастады.

Поль Валеридің әйгілі Аrt Poétique/Art of Poetry (Поэтика өнері) атты зерттеу кітабының ағылшын тіліндегі аудармасына жазған алғы сөзінде Томас Стернз Элиот:

«Валери шын мәнінде жаңа ақындық болмыс пен аса жаңа емес поэзиялық идеяны ойлап тапты. Өзінің піл сүйегінен жасалған мұнарасында оңаша зертхана қалыптастырғандай болды. Бұл зертхана – өлең зертханасы. Өйткені Валерий ешқашан өлең жазуда «топтық жұмысты» жақтамаған. Оның қиялындағы ақын – физик-математикпен немесе биологпен, химикпен тең дәрежедегі адам. Оның өзі де өлеңдегі ғалымның рөлін Шерлок Холмс сияқты мұқият ізкесушілікпен, ізденушілікпен ойнайды. Жұртшылықтың назарын аударатын Валеридің негізгі қасиеті де осы. Ал Валериге дейінгі кезеңде ақын дегенде біздің көз алдымызға суреттері жарнамаларда толып тұратын, жалғанды жалпағынан басып жүретін, байсалды, көзілдірігі бар, кейбір қоғамдық факторларға сын айтушы, өзіне әсерлі бір ат қойып алатын, нашаға, ішімдікке «жоқ» демейтін, ақ костьюмді адам елестейтін», – дейтіні бар.

Міне, жоғарыда аталған үш негізгі фактордың нәтижесінде қазақ әдебиетіне де Поль Валери іспеттес көп ізденгіш, көп оқитын, «әдебиетке өмірін арнауды» мақсат тұтатын жаңа буын келе бастады. «Жас буын» емес, жаңа буын дейміз. Себебі «жас» деген кезде қазір тек Симона де Бовуардың «Быть тогда молодым было совсем не радостно» деген сөзі есімізге түседі. Жас сөзін көбі артықшылық үшін емес, кемшілік ретінде қолданатын бір дәуірмен тұспа тұс келіп отырмыз, өкінішке қарай. Қысқасы, осындай үрдістердің нәтижесінде ішімдікқұмар, атаққұмар, қызқұмар емес, «білімқұмар» жаңа буын келіп жетті де, әдебиеттің классикалық емес (классикадан ада),  интеллектуалдық дәуірі басталып кетті (көпшілік мойындамаса да).

Сол дәуірдің нақты қадамының бірі – ашық түрде 2016 жылы Алматыда «Solaqailar» атты әдеби клубтың құрылуы еді. Олар өлең жайлы жалпы түсініктегі қасаң қағидалардан бас тартып, әдебиетке басқа қырынан қарауға ұмтылған авторлардың басын қосқан әдеби кеңістік ретінде танылды.

Солақайлар «өлең міндетті түрде ұйқасты, салмақты немесе дәстүрлі тақырыпта болуы шарт» деген ұстанымнан түбегейлі бас тартты. Керісінше, олардың, әрі олардың құрамына кірмейтін басқа да жаңа буынның негізгі мазмұндық ерекшелігі – күйзеліс, қала өмірі, жалғыздық, абсурд, тосын образдар мен тіл еркіндігі болды. Мұның басты себебі – қазақ халқының әбден отырықшыланып болып, қалалық мәдениетке сіңіп, коллективтік өмір сүру үрдісінен айрылып қалып, бірегейлену мен оқшаулану кезеңіне өтуі еді. Мұндай тарихи, мәдени процесс – әр адамның өзінің табиғи жалғыздығына қауышуына алып келді. Демек, «Солақайлардың» және әдебиетте жүрген басқа да жаңа буынның пайда болуы – қалыпты әрі болуы тиіс бір процесс.

Сол жылдары Солақайларды сынап, алған бағытын жоққа шығаруға тырысқан әдебиетшілер мен оқырман қауымның қарасы көп болды. Алайда қазір қазақ әдеби кеңістігінде «ұйқассыз» өлең жазу қауіпті аймақтан қалыпты дүниеге өтіп үлгерді. Өйткені олардың саны күрт көбейген болатын. Яғни «ұйқассыз» өлең жазушылардың өміріндегі «жалғыздың үні шықпас» атты алып бір кезең  аяқталған еді.

Солақайлар тек өлең жазумен ғана шектеліп қалған жоқ, олар әлем әдебиетінің ірі тұлғаларын, олардың кесек шығармаларын қазақ тіліне аударуды да өздеріне негізгі мақсат қылды. Сөйтіп, қазақ оқырманы мен әдебиетшілерінің қоржынына олжа салған болатын. Бірақ бұл үрдіс тез тоқтап қалып, бірнеше жыл солақайлардың аты аталмай қалып, өздері де өліара кезеңге тап болған еді. Ал қазір араға біршама уақыт салып, «Солақайлар қайта оралды» деген хабар жетті. Әрі олардың жетекшісі болып ақын, драматург Әділхан Асанов сайланған екен. Өліара кезеңнен кейін олар бұрынғыдан ауқымды, жаңа бағытта жұмыстар атқармақ, тың тақырыптарға, жаңа ағымдарға қадам баспақ болып, ниеттеніп отырғанын естіп, біз де қуанып қалдық. Сол себепті де осы мақаланы жазу арқылы Солақайлардың әрі жаңашылдардың қадамына құт тілемекпіз. «Әдебиет жолындағы істері оң болғай! Ақ жол!» – дей отырып, Солақайлардың құрамындағы қаламгерлер туралы мәліметтерді алдарыңызға ұсынамыз. Сөз басында тілге тиек етілген сүйікті Асқар Сүлейменовтің: «Жаңа форма, жаңа стилистика іздеу, таза эстетиканың иіріміне сүңгу, рухани пластиканы меңгеру – бұлар өзі бағынбаудың энергиясы», – деген сөзін қайталай отырып, «Солақайлардың» тек әдеби клуб қана емес, дадаизм, сюрреализм секілді т.б. измдердің жолымен қоғамдық «дүмпу», халық санасындағы «серпіліс» деңгейіне жетуіне тілекші екенімізді жеткіземіз.

Қарлығаш ҚАБАЙ

 

«Солақайлар» әдеби клубының жаңа құрамы мынадай:

Хан Асанов 1992 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. Драматург. Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның түлегі. Республикалық әдеби байқаулардың жүлдегері. Шығармалары мен әдеби-танымдық мақалалары, аудармалары мерзімді баспасөз беттерінде  жарияланып тұрады.

Абзал Сүлеймен 1992 жылы қазіргі Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласында дүниеге келген. Ақын, аудармашы. «Желге ұшқан түстер» кітабының авторы. STYQ online аясындағы халықаралық MÄTIL аудармашы ақындар шеберханасы жобасының қатысушысы. Өлеңдері орыс, ағылшын тілдеріне аударылған. Халықаралық басылымдарда жарық көрген. Ресейдің «Артикуляция» әдеби-көркем альманахында,  STYQ online порталында шығармалары шыққан. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты. Темірхан Медетбек атындағы сыйлықтың иегері. Шығармалары мен әдеби-танымдық мақалалары, аудармалары мерзімді баспасөз беттерінде  жарияланып тұрады.

Ықылас Шалғынбай 1987 жылы Шыңжаң аймағында дүниеге келген. Жазушы, драматург. Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның түлегі. Республикалық әдеби байқаулардың жүлдегері. Шығармалары мен әдеби-танымдық мақалалары, аудармалары мерзімді баспасөз беттерінде  жарияланып тұрады.

Арман Әділбек 1992 жылы Шыңжаң аймағында дүниеге келген. Ақын, жазушы. «Күн де батады» кітабының авторы. Әңгімелері «Дауыс» жас жазушылар антологиясына енген. Шығармалары мен әдеби-танымдық мақалалары, аудармалары мерзімді баспасөз беттерінде  жарияланып тұрады.

Шалқар Дәулеткелді 1989 жылы Шыңжаң аймағында дүниеге келген. Ақын, жазушы. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың түлегі. Шығармалары мен әдеби-танымдық мақалалары, аудармалары мерзімді баспасөз беттерінде  жарияланып тұрады.

Санжар Бекжан – 1992 жылы Алматыда дүниеге келген. Жазушы, редактор. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың түлегі. Әңгімелері «Дауыс» жас жазушылар антологиясына енген. Шығармалары мен әдеби-танымдық мақалалары, аудармалары мерзімді баспасөз беттерінде  жарияланып тұрады.

Бауыржан Майтай 1994 жылы Шыңжаңда дүниеге келген. Ақын. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың түлегі. «Қаладағы жылқы даусы» кітабының авторы. Шығармалары мен әдеби-танымдық мақалалары, аудармалары мерзімді баспасөз беттерінде  жарияланып тұрады.

Тілек Ырысбек 1995 жылы Шыңжаң аймағында дүниеге келген. Ақын, режиссер, сценарист. «Кандидат», «Динаның балалары», «Динаның арманы», «Makpal» және «Жұмагүлдің әлемі» деректі фильмдерінің авторы.  «Жұмагүлдің әлемі» деректі фильмі «Бастау» халықаралық кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды. Сондай-ақ, Роттердам халықаралық кинофестивалінде режиссердің  «Жағада тұрдың сен» (You were standing on the shore, 2026) қысқаметрлі көркем фильмінің әлемдік премьерасы өтті. Сонымен қатар жазушы, аудармашы Сафина Ақтаймен бірге бейотар ғалым, Лиңчөпиң университеті профессоры (Швеция) Мадина Тлостанованың «Болмыс, білім және түйсік отарсыздығы» кітабын (Tselinny Publishing, 2023) қазақ тіліне аударған. Шығармалары мен әдеби-танымдық мақалалары, аудармалары мерзімді баспасөз беттерінде  жарияланып тұрады.

Тілеубек Батыс 1999 жылы Шыңжаң аймағында дүниеге келген. Ақын. «Сал Көкше» кітабының авторы. Өлеңдері «Құдай жайлы ойланатын қала» жас ақындар антологиясына енген. Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың түлегі. Республикалық әдеби байқаулардың жүлдегері. Шығармалары мен әдеби-танымдық мақалалары, мерзімді баспасөз беттерінде  жарияланып тұрады.

Асылан Қуанышұлы 1999 жылы Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. Ақын, жазушы, редактор. «Күнбатысқа қарай 2128 шақырым» және «Кішкентай» кітаптарының авторы. Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның түлегі. Республикалық әдеби байқаулардың жүлдегері. Шығармалары мен әдеби-танымдық мақалалары, аудармалары мерзімді баспасөз беттерінде  жарияланып тұрады. «Steppe&World Publishing» баспа-үйінің редакторы.

Думан Терлікбаев 2000 жылы қазіргі Жетісу облысы, Талдықорған қаласында дүниеге келген. Жазушы, журналист. Республикалық әдеби байқаулардың жүлдегері. Шығармалары мен әдеби-танымдық мақалалары, аудармалары мерзімді баспасөз беттерінде  жарияланып тұрады.

Мәди-Асқар Қанжарұлы 2002 жылы дүниеге келген. Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылында  дүниеге келген. Ақын, аудармашы. Түркия республикасындағы ЧОМУ университетінінің түлегі. Шығармалары мен әдеби-танымдық мақалалары, аудармалары мерзімді баспасөз беттерінде  жарияланып тұрады.

Сөзбелгілер: жаңа дәуіржаңа өлеңжаңашылдыққазақ әдебиетімазмұнпоэзиястильтаным
Алдыңғы жазба

Еділбек ДҮЙСЕН өлеңдері яки «түйсіктің жаңа ракурсы»

Келесі жазба

«Телефон арқылы алғаш айтылған сөз немесе «Сен маған керексің…»

Ұқсас мақалалар

Асқар Сүлейменовтің «Бесатары» түрік тілінде жарық көрді
Жаңалықтар

Асқар Сүлейменовтің «Бесатары» түрік тілінде жарық көрді

10.11.2025
76
Келесі жазба
«Телефон арқылы алғаш айтылған сөз немесе «Сен маған керексің…»

«Телефон арқылы алғаш айтылған сөз немесе «Сен маған керексің...»

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Айдарлар

  • Жаңалықтар
  • Кітаптар
  • Көркемөнер
  • Мультимедиа
  • Өнертапқыш
  • Поэзия
  • Проза
  • Сен және ол жайлы
  • Сын

Сөзбелгі

Your browser doesn't support the HTML5 CANVAS tag.

  • қоғам
  • ғалам
  • түрік поэзиясы
  • әуендер мен естеліктер
  • сурет салу
  • сын
  • өнертабыс
  • сен және ол жайлы
  • өлең
  • көркемөнер
  • өнертапқыш
  • кітаптар
  • жаңалықтар
  • философия
  • жазу
  • сағыныш
  • ӨНЕР
  • еркіндік
  • стиль
  • жаңашылдық
  • ойлар
  • Боб РОСС
  • аударма
  • түйсік
  • проза
  • поэзия
  • үрей
  • таным
  • абсурд
  • әдебиет
ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ

«ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ» порталы – Қазақстандағы тәуелсіз әдеби кеңістікте қалыптасқан әдебиет пен өнердің онлайн-платформасы.

Байланыс

  • Бас редактор: Қарлығаш ҚАБАЙ
  • Email: karlygaaaa.sh@gmail.com
  • Мекенжайы: Астана / Қазақстан
  • Телефон: +7 747 702 9797

Соңғы жазбалар

  • Асқар Сүлейменов “Бесатар” (Beşli Tüfek)
  • Боб РОСС: «The Joy of Painting» немесе «Сурет салу қуанышы»
  • «Телефон арқылы алғаш айтылған сөз немесе «Сен маған керексің…»

Айдарлар

  • Жаңалықтар
  • Кітаптар
  • Көркемөнер
  • Мультимедиа
  • Өнертапқыш
  • Поэзия
  • Проза
  • Сен және ол жайлы
  • Сын
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2026 ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ - шекарасыз сөз порталы.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Поэзия
  • Проза
  • Сын
  • Кітаптар
  • Сен және ол жайлы
  • Мультимедиа
  • Өнертапқыш
  • Көркемөнер

© 2026 ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ - шекарасыз сөз порталы.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру