Сенбі, 11 Сәуір , 2026
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Кіру
ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Әдебиет
    • Поэзия
    • Проза
    • Сын
    • Кітаптар
    • Сен және ол жайлы
  • Мультимедиа
  • Көркемөнер
  • Өнертапқыш
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Әдебиет
    • Поэзия
    • Проза
    • Сын
    • Кітаптар
    • Сен және ол жайлы
  • Мультимедиа
  • Көркемөнер
  • Өнертапқыш
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ
Бастапқы Өнертапқыш

«Телефон арқылы алғаш айтылған сөз немесе «Сен маған керексің…»

«Жерасты әдебиеті» редакциясы жазған «Жерасты әдебиеті» редакциясы
21.02.2026
- Өнертапқыш
0
«Телефон арқылы алғаш айтылған сөз немесе «Сен маған керексің…»
272
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-ге бөлісу

Телефонды кімнің ойлап тапқаны туралы мәселе ғылым тарихында ұзақ уақыт бойы талқыланып келеді. Бұл өнертабыспен байланысты үш есім ерекше аталады: Antonio Meucci, Alexander Graham Bell және Thomas Watson.

Телефон – әртүрлі жерде орналасқан екі немесе одан да көп адамның өзара сөйлесуіне мүмкіндік беретін байланыс құралы. Оның жұмыс істеу қағидасы мынадай: бір жақтан шыққан дыбыс толқындары микрофон арқылы электр сигналдарына айналады; бұл сигналдар сым арқылы немесе өзге де байланыс тәсілдерімен екінші құрылғыға жеткізіледі; кейін ол сигналдар динамик арқылы қайтадан дыбыс толқындарына айналып, естілетін сөзге айналады.

Алғашында телефон желілері қалаларға орнатылды, кейін қалалар арасында, мемлекеттер арасында байланыс орнатылды, ал спутниктік технологиялардың дамуы жер шарының кез келген нүктесін өз арасында жалғауға мүмкіндік берді.

Антонио Меуччидің телефоны

Антонио Меуччи (1808–1889) – италиялық-америкалық өнертапқыш. Ол 1854 жылы дыбысты электр толқындарына айналдырып, арғы бетте қайта дыбысқа айналдыратын құрылғы жасап, оны «телетрофоно» деп атады. Бұл құрал телефонның алғашқы үлгісі ретінде қарастырылады.

1856–1870 жылдар аралығында Меуччи отыздан астам телефон прототипін жасаған. 1871 жылы ол телетрофоноға уақытша патент алуға өтініш берген. Алайда теңіздегі апат салдарынан ұзақ уақыт ауруханада жатып, қаржылық қиындыққа тап болады. Емделу шығындарын өтеу үшін жұбайы оның барлық өнертабыстарын, соның ішінде телетрофононы да, ескі зат сататындарға сатып жібереді.

Сауыққан соң Меуччи өнертабыстарын қайтармақ болып әрекет жасағанымен, олардың белгісіз біреуге сатылып кеткенін біледі. Ол кезеңде уақытша патентті жыл сайын жаңартып отыру қажет еді. Қаржылық қиындық салдарынан 1874 жылы қажетті жарнаны төлей алмай, патенттік өтініші күшін жояды.

Телефонға берілген патент

Александр Грейам Белл 1876 жылы Меуччидің телетрофоносына ұқсас құрылғыға патент алған. Мұны білген Меуччи сотқа жүгініп, патент мекемесінің қызметкерлері мен Белл компаниясы арасындағы заңсыз әрекеттерді дәлелдеуге тырысқан.

1886 жылы сот Меуччиді өнертабыстың иесі деп танығанымен, үш жылдан кейін ол дүниеден өтеді. 1893 жылы Беллдің патентінің мерзімі аяқталып, қайта жаңартылмайды. Қазіргі таңда телефон құрылғысының патенті нақты бір тұлғаға тиесілі емес.

Арада шамамен екі ғасыр өткен соң, 2002 жылғы 11 маусымда United States House of Representatives Меуччидің телефонды ойлап тапқанын ресми түрде мойындады.

Александр Грейам Беллдің телефоны

Александр Грейам Белл 1876 жылғы 9 наурызда өз құрылғысына патент алды. Алғашқы телефон әңгімесі 1876 жылғы 10 наурызда Массачусетс штатының Бостон қаласында жасалды. Белл көмекшісі Томас Уотсонға: «Мұнда кел, Уотсон, сен маған керексің», -деген сөз айтқан. Бұл сөйлем тарихтағы алғашқы телефон арқылы айтылған сөз ретінде белгілі.

1876 жылғы 25 маусымда Беллдің телефоны Филадельфияда көрмеге қойылды. Алғашында көпшілік тарапынан үлкен қызығушылық тудырмаса да, көрмені аралаған Бразилия императоры құрылғыға ерекше назар аударып, сарайына телефон орнаттырған. Құлаққапты алып көргенде: «Құдайым-ай… Мұнан дыбыс шығады!» – деген екен. Бұл – императордың телефон арқылы айтқан алғашқы сөзі ретінде тарихта қалды.

1877 жылғы 4 сәуірде Бостон қаласында алғашқы жеке телефон орнатылды. Сол жылы Беллдің телефондарын өндіру ісі жолға қойылып, байланыс дәуірінің жаңа кезеңі басталды.

«Жерасты әдебиеті» редакциясы

Сөзбелгілер: алғашқығаламжаңалықтарөнертабыссен маған керексіңтелефон
Алдыңғы жазба

«Солақайлар» һәм «жаңа қазақ поэзиясы»

Келесі жазба

Боб РОСС: «The Joy of Painting» немесе «Сурет салу қуанышы»

Ұқсас мақалалар

«Жазуды кім және қашан ойлап тапты?»
Өнертапқыш

«Жазуды кім және қашан ойлап тапты?»

19.02.2026
180
«Атақты өнертапқыш ғалым әйелдер»
Өнертапқыш

«Атақты өнертапқыш ғалым әйелдер»

21.01.2026
181
Келесі жазба
Боб РОСС: «The Joy of Painting» немесе «Сурет салу қуанышы»

Боб РОСС: «The Joy of Painting» немесе «Сурет салу қуанышы»

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралған

  • Эдгар Аллан По: «THE PHILOSOPHY OF COMPOSITION» – Жазу өнерінің философиясы

    Эдгар Аллан По: «THE PHILOSOPHY OF COMPOSITION» – Жазу өнерінің философиясы

    23350 бөлісті
    Бөлісу 9340 Твитерге 5838
  • Томас Стернз Элиот: «Поль Валери немесе көлге қарап тұрған Нарцис пен мистикаға толы бойдақтың жалғыздығы»

    12712 бөлісті
    Бөлісу 5085 Твитерге 3178
  • Эдгар Аллан ПО: «…Америка поэзиясы немесе ұятты монополияға қарсылық»

    5476 бөлісті
    Бөлісу 2190 Твитерге 1369
  • Фри́дрих Ви́льгельм Ни́цше: «ЗӘРДҮШТ ОСЫЛАЙ ДЕГЕН»

    4451 бөлісті
    Бөлісу 1780 Твитерге 1113
  • Жемаль Сүрея: «Фольклор» – поэзияның жауы»

    3388 бөлісті
    Бөлісу 1355 Твитерге 847

Сөзбелгі

Your browser doesn't support the HTML5 CANVAS tag.

  • әңгіме
  • адаптация
  • таным
  • Франц Кафка
  • әуендер мен естеліктер
  • түрік поэзиясы
  • еркіндік
  • жаңа өлең
  • өлең
  • поэзия
  • абсурд
  • сен және ол жайлы
  • жазу
  • өнертапқыш
  • ойлар
  • стиль
  • қоғам
  • жаңалықтар
  • сағыныш
  • БЕСАТАР
  • әдебиет
  • түйсік
  • философия
  • жаңашылдық
  • Beşli Tüfek
  • проза
  • сын
  • үрей
  • аударма
  • кітаптар

Кітаптар

ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ

«ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ» порталы – Қазақстандағы тәуелсіз әдеби кеңістікте қалыптасқан әдебиет пен өнердің онлайн-платформасы.

Байланыс

  • Бас редактор: Қарлығаш ҚАБАЙ
  • Email: karlygaaaa.sh@gmail.com
  • Мекенжайы: Астана / Қазақстан
  • Телефон: +7 747 702 9797

Соңғы жазбалар

  • Эмиль Мишель ЧОРАН: «Құрмет һәм қарғыс»
  • Файзулла Төлтай поэзиясы яки шытынаған айнадағы «мен»
  • Фёдор Михайлович Достоевский: «Адал ұры»

Айдарлар

  • Жаңалықтар
  • Кітаптар
  • Көркемөнер
  • Мультимедиа
  • Өнертапқыш
  • Поэзия
  • Проза
  • Сен және ол жайлы
  • Сын
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2026 ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ - шекарасыз сөз порталы.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Поэзия
  • Проза
  • Сын
  • Кітаптар
  • Сен және ол жайлы
  • Мультимедиа
  • Өнертапқыш
  • Көркемөнер

© 2026 ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ - шекарасыз сөз порталы.