Сәрсенбі, 25 Ақпан , 2026
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Кіру
ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Әдебиет
    • Поэзия
    • Проза
    • Сын
    • Кітаптар
    • Сен және ол жайлы
  • Мультимедиа
  • Көркемөнер
  • Өнертапқыш
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Әдебиет
    • Поэзия
    • Проза
    • Сын
    • Кітаптар
    • Сен және ол жайлы
  • Мультимедиа
  • Көркемөнер
  • Өнертапқыш
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ
Бастапқы Поэзия

Әкбәр Қошалы: «Жүрегімді жылытқан қыз, бір күні жылытарсың қабірімді де…»

«Жерасты әдебиеті» редакциясы жазған «Жерасты әдебиеті» редакциясы
04.02.2025
- Поэзия
0
39
БӨЛІСТІ
77
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-ге бөлісу

   Әкбәр Қошалы 1973 жылдың 3 сәуірінде Әзербайжанның Товуз ауданы Қоша ауылында дүниеге келген. Ақын, жазушы, публицист, Әзербайжан жазушылар одағының (1998 жылдан) және Әзербайжан журналистер одағының (1995 жылдан) мүшесі.

   Жаңашылдық пен ескішілдікті, алыс пен жақынды, кәрі мен жасты жатсынбай, ең аяулысын «отанқызы» деп сүйетін, отанында қылмыс жасаудың өзін «қымбат» көретін ақынның болмысы қаншалықты биік болса, соншалықты сезімтал екенін көресіз. Олай болса, ақынның «Ұзын сөздің қысқасын» айтатын топтамасын оқыңыздар…

Аудармашыдан

«Ұзын сөздің қысқасы» (топтама)

***

Тағы да үнсіз қалды ма теңіз бен таулар?

***

Жүрек бір-ақ рет жаулап алынады,

                        Қалғанының бәрі басып алу..

***

Мені көру – сүннет,

                        Сені көру – парыз болатын…

***

Сағыну – бітсін,

                        Сағыныш – бітпесін.

***

Жүрегімді жылытқан қыз,

Бір күні жылытарсың қабірімді де…

Күні келгенде..

***

Көзіме көмілген

Қып-қызыл қалампырлы,

                        аппақ кебінге оранған сағынышым!

Көзім енді сары түске боялмайтын шығар…

***

Мен жолға шықты десе, сенбеңіз.

Мен жолға шықпаймын.

Менің жолға шығуым –

Жолмен жолдас болып,

Жолдарды аяғымның астына жинап жүруім деген сөз…

***

Сол бір күнәсіз таза еріннен сүйген ернімді,

Көздерімнен құйылған

                        Тұзды сулармен жудым.

Бірақ махаббатты толығымен

Ұмытып қалған деп

ойламаңыз әлі…

***

Тілектердің бәрін қабыл алуға қабілетсіз ұзын шашың

Бодандықта асылып өлуге жарады ма,

                                                           «Отанқызы»?!

Сенің табаныңның астында қылмыскерге де айнала алмадым қылмыс жасап,

Сол үшін мені ешқашан кешіруші болма…

***

Тағы да бодандықтағы бір күн.

Күлген де, жылаған да емеспін.

Өмір сүріп те, өліп те көрмедім.

А, Құдай,

Не үшін төзіп келе жатырмын әлі?!

***

Бір сөз айтып жұбатқым келеді,

Бос бесікті тербетіп бесік жырын айтқан әйелді.

Тәңірім, өзің сабыр бере көр,

бос табыттың анасына…

***

Күнтізбеде күндердің ауысқаны үшін,

Той жасап көрмеппін, күтпеші.

Өмірдің үтірі дедім оларды.

Құдайлық құзырда нүктесі!

Мен болсам, сені сүю арқылы өміріме

Леп белгісін қойдым, тіпті, осы!

***

Мен тастарды да

гүлдерді сүйгенімдей сүйдім.

Тастар – әлемдегі

Ең үлкен естеліктестеріміз

Раушангүл сынды.

Тастар – отанның бауырлары,

Отандас сынды…

***

Кешкісін де емес, алагеуім де емес,

Бейуақта оянған көздерім.

Қуанышы да, қайғысы да қалмағанын көрді

Немен алысады енді жүрегім?

Көзіміз көрсе де соқыр!

Қолымыз созылса да, қауыша алмайды.

Сондықтан кел деуші де, кет деуші де болма маған.

Тәтті де, у да ұсынба, тіптен…

***

Жусан иіскемегелі көп жыл өтті..

Атқа да мінбедік.

Өлсек үстімізге көрпе жаба ма жер?

Оны да білмейміз…

Ант ішкен сәт

Байраққа, аспанға, айға, сұлулыққа қарап тұрып

Ант ішпейміз неге?

Құлағымыз да көкбөрінің дауысын бөтенситін болды…

Есік қақсам,

«Нендей мәселең бар?» деп

Сұрайды ел тағы…

Аударған: Қарлығаш ҚАБАЙ

Сөзбелгілер: поэзиясағынышстильтанымтүйсікфилософия
Алдыңғы жазба

Үміт Неджжари: «Жапырақ түсті, жаңбыр үнді адамдар жайлы хикая»

Келесі жазба

Джетон Келменді: «…сіз миссиялық өмір сияқты мағынаға толы сөздерді жақсы көретінсіз»

Ұқсас мақалалар

Еділбек ДҮЙСЕН өлеңдері яки «түйсіктің жаңа ракурсы»
Поэзия

Еділбек ДҮЙСЕН өлеңдері яки «түйсіктің жаңа ракурсы»

21.02.2026
95
Поэзия

«…Қазақ поэзиясы ойға келіп арқа сүйеді»

22.11.2025
80
Поэзия

Джетон Келменді: «…сіз миссиялық өмір сияқты мағынаға толы сөздерді жақсы көретінсіз»

12.02.2025
77
Поэзия

Үміт Неджжари: «Жапырақ түсті, жаңбыр үнді адамдар жайлы хикая»

02.02.2025
80
Келесі жазба

Джетон Келменді: «...сіз миссиялық өмір сияқты мағынаға толы сөздерді жақсы көретінсіз»

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Айдарлар

  • Жаңалықтар
  • Кітаптар
  • Көркемөнер
  • Мультимедиа
  • Өнертапқыш
  • Поэзия
  • Проза
  • Сен және ол жайлы
  • Сын

Сөзбелгі

Your browser doesn't support the HTML5 CANVAS tag.

  • проза
  • ӨНЕР
  • өлең
  • кітаптар
  • сағыныш
  • өнертапқыш
  • ғалам
  • өнертабыс
  • түрік поэзиясы
  • қоғам
  • үрей
  • поэзия
  • абсурд
  • еркіндік
  • жаңалықтар
  • түйсік
  • жаңашылдық
  • философия
  • жазу
  • сен және ол жайлы
  • аударма
  • әдебиет
  • таным
  • Боб РОСС
  • сын
  • стиль
  • ойлар
  • көркемөнер
  • сурет салу
  • әуендер мен естеліктер
ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ

«ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ» порталы – Қазақстандағы тәуелсіз әдеби кеңістікте қалыптасқан әдебиет пен өнердің онлайн-платформасы.

Байланыс

  • Бас редактор: Қарлығаш ҚАБАЙ
  • Email: karlygaaaa.sh@gmail.com
  • Мекенжайы: Астана / Қазақстан
  • Телефон: +7 747 702 9797

Соңғы жазбалар

  • Асқар Сүлейменов “Бесатар” (Beşli Tüfek)
  • Боб РОСС: «The Joy of Painting» немесе «Сурет салу қуанышы»
  • «Телефон арқылы алғаш айтылған сөз немесе «Сен маған керексің…»

Айдарлар

  • Жаңалықтар
  • Кітаптар
  • Көркемөнер
  • Мультимедиа
  • Өнертапқыш
  • Поэзия
  • Проза
  • Сен және ол жайлы
  • Сын
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2026 ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ - шекарасыз сөз порталы.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Поэзия
  • Проза
  • Сын
  • Кітаптар
  • Сен және ол жайлы
  • Мультимедиа
  • Өнертапқыш
  • Көркемөнер

© 2026 ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ - шекарасыз сөз порталы.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру