Сенбі, 11 Сәуір , 2026
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Кіру
ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Әдебиет
    • Поэзия
    • Проза
    • Сын
    • Кітаптар
    • Сен және ол жайлы
  • Мультимедиа
  • Көркемөнер
  • Өнертапқыш
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Әдебиет
    • Поэзия
    • Проза
    • Сын
    • Кітаптар
    • Сен және ол жайлы
  • Мультимедиа
  • Көркемөнер
  • Өнертапқыш
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ
Бастапқы Поэзия

Джетон Келменді: «…сіз миссиялық өмір сияқты мағынаға толы сөздерді жақсы көретінсіз»

«Жерасты әдебиеті» редакциясы жазған «Жерасты әдебиеті» редакциясы
12.02.2025
- Поэзия
0
1.8k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-ге бөлісу

Джетон Келменді – албан ақыны. Ол жазушы, драматург, публицист, аудармашы және профессоры ретінде қызмет атқарады.

1978 жылы Косовоның Пея қаласында дүниеге келген, алғашқы білімін де Пеяда алған. Кейіннен Приштина университетінде білімін жалғастырып, бұқаралық коммуникация саласында өнер бакалавры дәрежесін тәмамдаған.

Оның шығармалары басқа тілдерге көп аударылған. Сыншылардың пікірінше, Джетон Келменді – қазіргі албан поэзиясының ең ірі өкілдерінің бірі. Халықаралық деңгейдегі сыншылар мен қазіргі замандастары оның шығармашылығы туралы көптеген мақалалар жазып, ең бірегей еуропалық ақын деп атаған. Біз де Джетонның «Dashuri në kohë lufte» (love in a time of war) – «Соғыс уақытындағы махаббат» атты жинағындағы сұлу өлеңдерін қазақ тілді оқырманмен бөліссек деп шештік.

Аудармашыдан

Сені күтудемін

Сені күтудемін..-

Ықтималсыздықтардың бұрышы мен

«Ешқашан» сөзінің бір шетінде

күтуім жалғасуда..

Қауышулар мен қоштасулардың

бір мәні бар болып,

ақылға қонатын кезеңі келсе,

жабық кітаптардың парақтары мен

ұмытылған өлеңдердің тақырыптарында

жолығамыз бір күні.

Сапырылысқан ойлар мен

жоқтық жанға батқанда

сені іздей бастаймын..

Осылайша сен

барлық үмітімнің тасасында қалдың…

Біз бірге

Тек қана түсіме енетін

беймәлім көшелерде жүреміз..

Өзіңді осылай күтіп,

осылай аңсаймын мен…

Сені күткеннің бәрі –

маған айналды…

Жетті енді, сен жайлы

Ойлаудан, айтудан шаршаған сәтім..

Ал сені күтуім –

Менің бастапқы қалпымнан

Кешіп өткеніңді көру үшін еді..

Көшіп өткеніңді көру үшін еді…

Белгісіз бір жерде…

Белгісіз бір жерде күнелтіп,

Естеліктерден тыс аймақты мекендеп,

Сабыр дұғасының оқылмаған жағында жүрмін..

Бір жердемін

Өз болмысымның таусылған

тұңғиығында..

бір мағына, бір мән көріп қалып мені,

таныса,

қуанар едім..

Өзімді табамын

Қажыған мұңымнан,

Бұрын соңды көрмеген

Түстерімнің ішінен..

Уақыттың уысымнан сусып түскенін көрдім,

Жоқтығымның да жоғалғанына көндім..

Өзімді табам деп

Бәрінен іздеймін енді..

Білемін

барлық іздеріңді өзіңмен алып кеткенсің сен..

ал маған

есімде қалған есімің жетеді…

Таранто, Италия, 4 қазан, 2019 жыл

Мотивация

 

Қиын сәттерде

Көздеріңді тыңда..

Жаныңа құлақ сал..

Өзіңді-өзің бөтенситін болсаң,

Құнын жоғалтқан тиын секілді

Бөлшектейді сені өмір..

Өмірдің тұрақсыздығын сезіп,

Тіпті уақыттың өзі үмітін жоғалтпағаны шын болса,

Түрлі түске боя мезгілдің өзін..

Тағдыр мен соңғы нүктеде

уақыттан кейін де келетін уақыт бар..

қолдан келер қайран –

жақсыға сену…

Уақыттың өзіне уақыт беру үшін

Қиялыңды суреттерге айналдыр…

Маусым, 2004 ж

Жадымның көлеңкесінде

Саған

ұмытылған бір сөз айтамын,

Ертесі есіңде қалмайтын бір сөз..

Кешірім ескіріп үлгереді.

Үнсіздік жолға шыққан сәт..

Күнге қақталған мәуелі ағаштың саясында

сені күтудемін енді..

Жартасқа ілінген өлеңмен бірге

жалғыз тармақтың үстіне жайғасып

махаббатты күтіп отырып демалғанымдай…

содан соң

күзді тауысып,

жарықтың келер шағын қиялдауға тырыстым…

не бәрі жалғыз сөзді айту үшін саған…

Оның бір түнгі қалауы

Әріптерді төмен түсіргісі келді

Сөздерімді кешіп өту үшін..

Сонсоң өзі

бір өлең тармағына айналды..

өмірден ғұрыптарға дейін созылған жолды

елемейтін ол мүлдем…

шыдамның аяғы тайып құламай тұрып,

жеңіске деген сенім бар жерде

мені өлеңнен шығарып ал деді ол..

үтірлердің арасына қамаушы болма,

тірі өлеңнің

ішінде жүзуіме рұқсат ет

соңғы нүктеге жеткенше..

өйткені соңғы нүктесінде сен барсың..

сонсоң

екеуіміз бірге тырманайық

жалынға қарай…

адымдап оңай…

Сплит, Хорватия, 2017 жылғы 1 наурыз

Ұйқы оянбай тұрып

Ертең бүгінге сенбейді,

ал «кеше» туралы не айтуға болатынын білмеймін тіпті…

осы екеуінің ортасында қалған мені

оянудың ұйқысынан оятшы, түсім..

Көзқарасымыз мұхиттай терең,

тілегіміз уақыттың үстіне жайғасқан.

Сіз миссиялық өмір сияқты

мағынаға толы сөздерді жақсы көретінсіз..

Үнсіздік мағынаға ие болуы үшін

Тағдыр қай бекетке келіп тоқтайды?

Ашкөздіктің қалай ер жететінін білу үшін

Батылдық маған азғантай үміт береді,

Менің ойларым – өткелсіз жол сынды,

Жадымның жотасына жайғасқан кезде

Өзіме апарар –

тек қана ішкі үнім…

Ертеңгі күн маған

таңды қарсы алу үшін ғана берілген..

Кез келген «келу» – өз уақытында орын алатыны сынды..

Приштина, Косово, 28 наурыз 2020 жыл

Аударған: Қарлығаш Қабай

Астана, Қазақстан, 2024 жыл

Сөзбелгілер: аудармаеркіндікжазукітаптаройларпоэзиятанымтүйсікфилософия
Алдыңғы жазба

Әкбәр Қошалы: «Жүрегімді жылытқан қыз, бір күні жылытарсың қабірімді де…»

Келесі жазба

Асқар Сүлейменовтің «Бесатары» түрік тілінде жарық көрді

Ұқсас мақалалар

Файзулла Төлтай поэзиясы яки шытынаған айнадағы «мен»
Поэзия

Файзулла Төлтай поэзиясы яки шытынаған айнадағы «мен»

22.03.2026
311
Еділбек ДҮЙСЕН өлеңдері яки «түйсіктің жаңа ракурсы»
Поэзия

Еділбек ДҮЙСЕН өлеңдері яки «түйсіктің жаңа ракурсы»

21.02.2026
881
Поэзия

«…Қазақ поэзиясы ойға келіп арқа сүйеді»

22.11.2025
890
Поэзия

Әкбәр Қошалы: «Жүрегімді жылытқан қыз, бір күні жылытарсың қабірімді де…»

04.02.2025
1.8k
Келесі жазба
Асқар Сүлейменовтің «Бесатары» түрік тілінде жарық көрді

Асқар Сүлейменовтің «Бесатары» түрік тілінде жарық көрді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралған

  • Эдгар Аллан По: «THE PHILOSOPHY OF COMPOSITION» – Жазу өнерінің философиясы

    Эдгар Аллан По: «THE PHILOSOPHY OF COMPOSITION» – Жазу өнерінің философиясы

    23350 бөлісті
    Бөлісу 9340 Твитерге 5838
  • Томас Стернз Элиот: «Поль Валери немесе көлге қарап тұрған Нарцис пен мистикаға толы бойдақтың жалғыздығы»

    12712 бөлісті
    Бөлісу 5085 Твитерге 3178
  • Эдгар Аллан ПО: «…Америка поэзиясы немесе ұятты монополияға қарсылық»

    5476 бөлісті
    Бөлісу 2190 Твитерге 1369
  • Фри́дрих Ви́льгельм Ни́цше: «ЗӘРДҮШТ ОСЫЛАЙ ДЕГЕН»

    4451 бөлісті
    Бөлісу 1780 Твитерге 1113
  • Жемаль Сүрея: «Фольклор» – поэзияның жауы»

    3388 бөлісті
    Бөлісу 1355 Твитерге 847

Сөзбелгі

Your browser doesn't support the HTML5 CANVAS tag.

  • Франц Кафка
  • әңгіме
  • сағыныш
  • сын
  • жаңалықтар
  • философия
  • БЕСАТАР
  • кітаптар
  • өнертапқыш
  • проза
  • еркіндік
  • әуендер мен естеліктер
  • жазу
  • поэзия
  • ойлар
  • аударма
  • өлең
  • жаңашылдық
  • түрік поэзиясы
  • сен және ол жайлы
  • қоғам
  • абсурд
  • жаңа өлең
  • үрей
  • Beşli Tüfek
  • стиль
  • адаптация
  • таным
  • түйсік
  • әдебиет

Кітаптар

ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ

«ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ» порталы – Қазақстандағы тәуелсіз әдеби кеңістікте қалыптасқан әдебиет пен өнердің онлайн-платформасы.

Байланыс

  • Бас редактор: Қарлығаш ҚАБАЙ
  • Email: karlygaaaa.sh@gmail.com
  • Мекенжайы: Астана / Қазақстан
  • Телефон: +7 747 702 9797

Соңғы жазбалар

  • Эмиль Мишель ЧОРАН: «Құрмет һәм қарғыс»
  • Файзулла Төлтай поэзиясы яки шытынаған айнадағы «мен»
  • Фёдор Михайлович Достоевский: «Адал ұры»

Айдарлар

  • Жаңалықтар
  • Кітаптар
  • Көркемөнер
  • Мультимедиа
  • Өнертапқыш
  • Поэзия
  • Проза
  • Сен және ол жайлы
  • Сын
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2026 ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ - шекарасыз сөз порталы.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Поэзия
  • Проза
  • Сын
  • Кітаптар
  • Сен және ол жайлы
  • Мультимедиа
  • Өнертапқыш
  • Көркемөнер

© 2026 ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ - шекарасыз сөз порталы.