Сәрсенбі, 27 Мамыр , 2026
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Кіру
ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Әдебиет
    • Поэзия
    • Проза
    • Сын
    • Кітаптар
    • Сен және ол жайлы
  • Мультимедиа
  • Көркемөнер
  • Өнертапқыш
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Әдебиет
    • Поэзия
    • Проза
    • Сын
    • Кітаптар
    • Сен және ол жайлы
  • Мультимедиа
  • Көркемөнер
  • Өнертапқыш
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ
Бастапқы Проза

Вольтер(Франсуа-Мари Аруэ): «Платонның түсі…»

«Жерасты әдебиеті» редакциясы жазған «Жерасты әдебиеті» редакциясы
27.05.2026
- Проза
0
Вольтер(Франсуа-Мари Аруэ): «Платонның түсі…»
18
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-ге бөлісу

Платон түс көп көретін. Сол кезден бергі замандарда да адамзаттың түс көруі бәсеңдеген емес. Платон ежелде адам табиғаты тұтас әрі қос жаратылысты болған, кейін жасаған күнәларының өтеуі ретінде ер мен әйел деп екіге бөлініп кеткен деп пайымдайтын. Ол математикада дұрыс көпжақтарға жататын бес дене ғана бар екенін дәлелдегендіктен, дүниеде де бес кемел әлем ғана болуы мүмкін деп ойлайтын. Оның «Мемлекет» атты шығармасы да – өзі көрген сол бір ұлы түстерінің біріне айналды. Бұдан бөлек тағы да ұйқының ұйқысыздықтан туатынын, ал ұйқысыздықтың қайтадан ұйқыдан бастау алатынын, тіпті адам айдың тұтылуын су бетінен емес, өзге жерден бақыласа, жанарынан айырылуы мүмкін екендігін де түсінде көрген. Сол дәуірде түс көру мен тосын ой айту адамға айрықша даңқ әкелетін қасиет саналатын.

Міне, сіздерге Платонның нашар деуге келмейтін тағы бір түсін айтып берейін. Шексіз, шетсіз аспан кеңістігін сансыз шарлармен толтырғаннан кейін, өз жаратылысын тамашалайтын тәңірлердің даналығын алғашқылардың бірі деп саналатын ұлы математик, яғни ұлы Демиургос сынап көрмек болыпты. Үлкенді кішіге ұқсату мүмкін болса, бұл әрекет Фиди мен Зевксистің өз шәкірттеріне мүсін қашатып, сурет салдырғанына ұқсар еді. Дәл сол секілді, ұлы Демиургос та тәңірлердің әрқайсына өз болмысын жасап көрсін деп бір-бір кесек балшық үлестірген. Сол үлестен Демогоргонға «Жер» деп аталатын бір уыс балшық тиеді. Ол балшыққа пішін беріп болған соң, өз туындысын теңдесі жоқ ғажайып деп жариялайды. Тіпті бұл еңбегі өзгелердің қызғанышын туындатады деп сеніп, өзімен қатарлас басқа да жаратушы тәңірлердің мадақтауына ие боламын деп қатты үміттенген екен. Бірақ мадақтың орнына айналасынан мысқыл мен келеке сөз естігенде, аңырып тұрып қалыпты.

Сонда тәңірлердің ішіндегі әжуа мен мысқылды ерекше жақсы көретін біреуі оған былай депті:

– Расында, тамаша еңбек жасапсыз! Әлемді қақ жарып екіге бөліпсіз де, бір жартысында өмір сүретіндер екіншісіне өте алмасын дегендей, екі бөліктің арасын тұтас сумен қоршап тастапсыз. Полюстерде тұратындар суықтан қатып өледі, ал Экватордағылар аптап ыстықтан қырылады ғой. Жолаушылап сапарға шыққандар аштық пен шөлден жан тапсырсын дегендей, алып құмды шөлдерді де әдейі жасап қойғансыз. Қой, сиыр, тауық секілді жаратылыстар жаман емес енді. Бірақ шынын айтсам, жыландар мен өрмекшілердің не нәрсеге қажет екенін түсіне алмадым. Пияз бен бөрікгүл де пайдалы-ақ нәрсе, алайда жер жүзін неліктен улы өсімдіктерге толтырғаныңызды ұға алмадым. Егер мақсатыңыз жер бетіндегілерді улау болса, онда әңгіме басқа. Байқауымша, сіз отыз түрлі маймыл, иттің одан да көп түрін жаратыпсыз да, адамды төрт-бес нәсілмен ғана шектепсіз. Оның үстіне, жаңағы адам деген соңғы мақұлыққа «ақыл» деп аталатын бір қасиет беріп, оны өзгелерден айырып көрсеткіңіз келген екен. Бірақ, шын мәнінде, сол ақыл дегеніңіз күлкілі нәрсе әрі жындылыққа тым жақын келеді. Тіпті маған сіздің екі аяқты осы жаратылыстың мәртебесін басқалардан жоғары қылғаныңызбен, оған аса үлкен қамқорлық көрсетпегеніңіз анық секілді көрінеді. Өйткені оған сансыз дұшпан, тым әлсіз қорғаныс, қаптаған ауру, мардымсыз ғана дәрі-дәрмек, шексіз құмарлық пен титтей ғана даналық беріпсіз. Сірә сіз жер бетінде мұндай мақұлықтардың шамадан тыс көбейіп кетуін қаламаған боларсыз. Себебі оларға төніп тұрған қауіпті есептемегеннің өзінде, бәрін сондай дәлдікпен жасағаныңыз байқалады. Мысалы, бір күні шешек ауруы жыл сайын олардың оннан бірін жалмайтын болады, ал оның сыңары қалғандарының өмір нәрін улай түседі. Мұнымен де тоқтамай, қалған оқиғалардың ретін де керемет үйлестіріпсіз. Аман қалғандардың жартысы соттасып өмірін өткізсе, екінші жартысы бірін-бірі өлтірумен айналыспақ. Сөйтіп, осынша азаптан кейін олар сізге алғыс айтып, ризашылықпен бас иеді деп сенетін шығарсыз. Шынында да, ғажап «туынды» жасапсыз!

Мұны естіген Демогоргон қызарып кетіпті. Алайда істеген ісінде әрі дүнияуи, әрі рухани зұлымдықтың бар екенін іштей сезіп тұрса да, бәрібір ондағы игіліктің жамандықтан әлдеқайда басым екенін дәлелдеуден тайынбаған екен.

– Біреуді сынау әрине оңай, – депті ол. – Бірақ өзіне берілген еркіндікті ешқашан есерлікке жұмсамайтын, ешқашан ақылын жоғалтпайтын ерікті мақұлық жарату оңай деп ойлайсыз ба? Тоғыз мың түрлі өсімдік өсіріп тұрып, олардың бірнешеуінің зиянды болып шығуына толық тосқауыл қою соншалық жеңіл жұмыс дейсіз бе әлде? Су мен құм, балшық пен от бар жерде теңіз бен шөлдің болмауы мүмкін бе? Мені келемеждеп тұрған қадірлі мырзам, тыңдаңызшы. сіз де Марс жұлдызын жараттыңыз ғой. Кәнекей, әлгі екі алып белдеу арқылы нендей ғажайып жасағаныңызды көрейік. Айсыз түндеріңіз қандай әсер берер екен? Жаратқан адамдарыңыздың арасында жындылық пен ауру атаулы мүлде жоқ па екен, көрейік ал.

Тәңірлердің бәрі жиналып барып, Марсты да тексеріп шықты. Сосын әлгі тәңірдің өзіне дүрсе қоя берді. Сатурнды жаратқан салмақты тәңір де қалған тәңірлердің сынынан құтыла алмады. Содан соң Юпитер, Меркурий мен Шолпанды жаратқандар да толассыз сын мен мысқылға ұшырады.

Нәтижесінде қалың-қалың кітаптар мен трактаттар жазылды. Ащы әжуаға толы сөздер айтылып, келеке әндер шырқала бастады. Тәңірлер бір-бірінің мінін бетіне басты. Әрқайсысы өзгесіне өшіге қарап, ішінен тіс қайрады. Ақырында, бастауы жоқ ұлы Демиургос бәрінің үнін өшірді:

– Сендер игі іс те жасадыңдар, қателік те жібердіңдер, – деді ол. – Себебі ақылдысыңдар, бірақ мінсіз емессіңдер. Сендердің жаратылыстарың небәрі бірнеше жүз миллион жыл ғана өмір сүреді. Ал содан кейін білімдерің артып, бұдан да көркем дүниелер тудырасыңдар. Өйткені кемел әрі мәңгілік туынды жасау – тек маған ғана тән қасиет.

Міне, Платонның шәкірттеріне баяндаған әңгімесі осындай еді. Ол сөзін аяқтап үнсіз қалған сәтте, шәкірттерінің бірі күлімсіреп:

– Содан соң оянып кеттіңіз ғой, ұстаз, солай емес пе? – депті…

Аударған: Қарлығаш ҚАБАЙ

Сөзбелгілер: әңгімевольтержаратылысқұдай туралыпроза
Алдыңғы жазба

Эмиль Мишель ЧОРАН: «Құрмет һәм қарғыс»

Ұқсас мақалалар

Эмиль Мишель ЧОРАН: «Құрмет һәм қарғыс»
Проза

Эмиль Мишель ЧОРАН: «Құрмет һәм қарғыс»

28.03.2026
102
Фёдор Михайлович Достоевский: «Адал ұры»
Проза

Фёдор Михайлович Достоевский: «Адал ұры»

13.03.2026
130
Кейт ШОПЕН: «Бір сағаттың хикаясы»
Проза

Кейт ШОПЕН: «Бір сағаттың хикаясы»

08.03.2026
464
Франц Кафка: «Академияға арналған баяндама»
Проза

Франц Кафка: «Академияға арналған баяндама»

07.03.2026
582

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралған

  • Эдгар Аллан По: «THE PHILOSOPHY OF COMPOSITION» – Жазу өнерінің философиясы

    Эдгар Аллан По: «THE PHILOSOPHY OF COMPOSITION» – Жазу өнерінің философиясы

    23.4k
  • Томас Стернз Элиот: «Поль Валери немесе көлге қарап тұрған Нарцис пен мистикаға толы бойдақтың жалғыздығы»

    12.7k
  • Эдгар Аллан ПО: «…Америка поэзиясы немесе ұятты монополияға қарсылық»

    5.5k
  • Фри́дрих Ви́льгельм Ни́цше: “ЗӘРДҮШТ ОСЫЛАЙ ДЕГЕН”

    4.5k
  • Жемаль Сүрея: «Фольклор» – поэзияның жауы»

    3.4k

Сөзбелгі

Your browser doesn't support the HTML5 CANVAS tag.

  • әдебиет
  • жаңа дәуір
  • Beşli Tüfek
  • адаптация
  • жаңалықтар
  • Франц Кафка
  • сен және ол жайлы
  • еркіндік
  • әуендер мен естеліктер
  • жаңа өлең
  • таным
  • ойлар
  • абсурд
  • кітаптар
  • түйсік
  • аударма
  • түрік поэзиясы
  • проза
  • философия
  • қоғам
  • жазу
  • өлең
  • стиль
  • үрей
  • өнертапқыш
  • әңгіме
  • поэзия
  • сағыныш
  • вольтер
  • сын

Кітаптар

ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ

«ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ» порталы – Қазақстандағы тәуелсіз әдеби кеңістікте қалыптасқан әдебиет пен өнердің онлайн-платформасы.

Байланыс

  • Бас редактор: Қарлығаш ҚАБАЙ
  • Email: karlygaaaa.sh@gmail.com
  • Мекенжайы: Астана / Қазақстан
  • Телефон: +7 747 702 9797

Соңғы жазбалар

  • Вольтер(Франсуа-Мари Аруэ): «Платонның түсі…»
  • Эмиль Мишель ЧОРАН: «Құрмет һәм қарғыс»
  • Файзулла Төлтай поэзиясы яки шытынаған айнадағы «мен»

Айдарлар

  • Жаңалықтар
  • Кітаптар
  • Көркемөнер
  • Мультимедиа
  • Өнертапқыш
  • Поэзия
  • Проза
  • Сен және ол жайлы
  • Сын
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2026 ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ - шекарасыз сөз порталы.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Поэзия
  • Проза
  • Сын
  • Кітаптар
  • Сен және ол жайлы
  • Мультимедиа
  • Өнертапқыш
  • Көркемөнер

© 2026 ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ - шекарасыз сөз порталы.